2018 жылдың 1 қарашасында оқу залындағы ақпараттық-кітапхана бөлімінде Рудный қаласының № 15 мектеп оқушыларына арналған экскурсия өткізілді

2018 жылдың 1 қарашасында оқу залындағы ақпараттық-кітапхана бөлімінде Рудный қаласының № 15 мектеп оқушыларына арналған экскурсия өткізілді. Оларға «Жаңа гуманитарлық білім.100 жаңа оқулық» атты жоба аясында қазақ тіліне аударылған кітаптар ұсынылды.

Бұл іс-шараға ЭжМ кафедрасының меңгерушісі Ахметов Д.С., ИжӘГП кафедрасының оқытушысы Нурмагамбетова Г.Т. қатысты. Оқытушылар осы кітаптардың мазмұны мен құндылығына тоқталды. Бұл жобаның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Кездесу барысында мектеп оқушылары сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Осы іс-шара барысында мектеп оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстары жүргізіліп, РИИ-дегі оқудың артықшылықтары туралы айтылды.